“ҚАЗАҚАВТОЖОЛ” ЖШС БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ЖОЛ ТЕХНИКАСЫМЕН ЖАРАҚТАНДЫРЫЛАДЫ

 In жаналыктар

“Қазақавтожол” ЖШС ақпараты бойынша, кәсіпорынның Батыс Қазақстан облыстық филиалы келесі жылы жекешелендіруге жатады. 2018 жылдың соңына дейін тиісті конкурс жарияланады.

Серіктестіктің жекешелендіру шарттарының бірі инвестордың 300 бірл. жол техникасын (оның жартысы қысқы ұстау үшін көзделген) және 200 бірл. жабдықты сатып алуы болып табылады.

Қазіргі уақытта “Қазақавтожол” ЖШС жол-пайдалану техникасымен қамтамасыз етілуі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажеттілік нормативінің 38% – ын құрайды. Алдағы кәсіпорынды жекешелендіруді ескере отырып, бюджет қаражаты есебінен жол техникасын сатып алу жоспарланбаған.

Бұл ретте, техниканың жетіспеушілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық филиалы қазіргі уақытта қысқы ұстау үшін қосымша 6 бірлік техниканы жалға алады: оның ішінде 3 бірлік құрамдастырылған жол машинасы, 2 бірлік автогрейдер, 1 бірлік трактор.

Алдағы уақытта кәсіпорынның Батыс Қазақстан облыстық филиалы инвестордың сатып алуына қарай жаңа заманауи жол техникасымен жарақтандырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңызы бар автожолдар туралы ақпаратты +7 7172 444 777 қалалық телефон арқылы тікелей ала алады, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің ұялы телефоны және +7 771 7444 777 нөмірі бойынша WhatsApp қосымшасы. WhatsApp арқылы күн сайын тәулігіне 24 сағат бақылаумен, фото және бейнематериалдармен алмасуға болады. Тұрақты кері байланыс жол жағдайы бойынша сұрақтарға жедел жауап беруге, шешім қабылдауға және жауап беруге мүмкіндік береді.

Дереккөз: http://mid.gov.kz/

 

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
    Login now

    Need more help? Save time by starting your support request online.

    Your name
    * Email
    * Describe your issue
    We're online!
    Feedback

    Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

    How do you rate our support?