Қазақстанда жол құрылысының сапасы жөніндегі орталық ашылады

 In жаналыктар

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі автомобиль жолдарын дамыту мәселелері жөніндегі үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап өткендей, республиканың автожолдарының барлық желісіндегі жол-құрылыс жұмыстары көлемінің өсу үрдісін ескере отырып, құрылыс сапасын бақылауды күшейту қажет, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. 

“Бүгінгі таңда құрылыс, қайта құру және жөндеу нысандарында сапаны бақылауды “Облжолзертханасы” РМК-нің 14 облыстың және Астана мен Алматы қалаларында көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол зертханаларымен жабдықталған филиалдары орындайды”, – деп еске салды ол.

Автомобиль жолдарының сапасын күшейту бойынша одан әрі жоспарлы жұмыс шеңберінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру Қағидалары әзірленді және бекітілді, сондай-ақ 2013-2016 жылдар кезеңінде 15 кешенді жылжымалы жол зертханалары сатып алынды.

“Сонымен қатар, 2016 жылы мемлекет басшысы Үкіметтің Ұлттық сапа орталығын құру жөніндегі бастаманы қолдады. Ұлттық сапа орталығын құру “Облжолзертханасы” РМК-да 16 РММ қайта құру жолымен жүзеге асырылады. Ұлттық орталыққа жол-жөндеу жұмыстарының сапасын сараптау бойынша “Облжолзертханасы” өкілеттілігі беріледі және жол активтерін басқару және жол-көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігін бағалау бойынша өкілеттіктер беріледі”, – деді Ж. Қасымбек.

Оның айтуынша, орталық республикалық маңызы бар жолдарда ғана емес, қазіргідей, сонымен қатар жергілікті жолдар мен елді мекендердің көшелерін қамтитын болады.

“Орталықты құру Үкіметке Жол сапасы мен олардың қауіпсіздігін мемлекеттік басқарудың мүлдем жаңа тетігінің негізін құруға, сондай-ақ “жол сапасы” индексінің көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ, жұмысты сандық есепке алудан жол жағдайының сапалық көрсеткіштеріне көшу есебінен нәтижеге бағдарланған жолдарды күтіп ұстау бойынша жаңа келісім-шарттарға көшу негізі құрылуда”, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр заңға сәйкес түзетулер бүгінгі күні Мәжіліспен келісіліп, қыркүйекте Сенатпен келісіліп, келесі жылдан бастап орталық өз жұмысын бастайды деп қосты.

Сондай-ақ, ол көлікті цифрландыру аясында “Жол активтерін басқару жүйесін” (ЖАБЖ) енгізу жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын хабарлады, оны басқару сапа орталығының негізгі функцияларының бірі болады.

“Жүйе жай-күйі туралы деректерді жинауды жылжымалы жол зертханалары (геометриялық параметрлер, нақты жай-күйі) жүзеге асыратын жолдардың деректер базасын білдіреді және жөндеу жұмыстарының басымдығын және қаржыландыру қажеттілігін дербес айқындайды. Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалануда және ақпараттық қауіпсіздікке аттестаттаудан өтуде. Аталған жүйені енгізу жолдардың нақты жағдайын бағалауға және оларды күтіп ұстау мен жөндеудің ұтымды стратегиясын әзірлеуге, сондай-ақ азаматтар үшін жолдар туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деп қортындылады ҚР ИДМ басшысы.

Дереккөз, интернет-ресурс: желілік басылым “Zakon.kz»

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?