2018 жылы Қазақстанда жаңа жолдар пайдалануға беріледі

 In жаналыктар

2018 жылы 279 км автожолды пайдалануға беру және қосымша 367 км қозғалыс ашу  жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazautozhol.kz тілшісі.

Жалпы 2018 жылы Республикалық маңызы бар автожолдарды салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жалғастыру жоспарлануда:

Орталық – Оңтүстік” дәлізі бойынша (ұзындығы 1282 км) іске асыру кезеңінде Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелері, жалпы ұзындығы 273 км. толығымен аяқталды. Ағымдағы жылы жұмыстар Қарағанды-Теміртау (14 км), Қарағанды (48 км)айналмасы, Құрты-Бурылбайтал (228 км) және Қапшағай – Талдықорған (157 км) учаскелерінде жалғасады.

Қапшағай-Талдықорған учаскесі бойынша бұрын 117 км пайдалануға берілді. Жұмыстар Балпықби-Талдықорған учаскелерін қоса алғанда, қалған 40 км-де жүргізілуде және Сарқантты айналып өту, 2018 жылы аяқталады

2017 жылдың қорытындысы бойынша Теміртау – Қарағанды учаскесінде қозғалыс ашылды,барлық бойында толық аяқтау 2018 жылы көзделген.

Қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін жол 6 жолақты қозғалысы және цемент-бетон жамылғысы бар І-а техникалық санатқа ауыстырылады. Жолдан басқа учаскеде 4 көлік айрығы, 1 теміржол өтпесі құрылысы жүргізілуде. 2098 жылы жобаны толық аяқтау көзделген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы “Қарағанды облысының Солтүстік-Шығыс айналма жолы” учаскесінде жұмыстар басталды. Осы учаске бойынша 4 жолақты қозғалысы бар I-б техникалық санаттағы 48 км қайта жаңартылуға жатады. Сондай-ақ, осы жоба аясында 8 көлік айрығы, 1 көпір, 1 ДЭУ салынады және қайта жаңартылады. Жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарлануда

Биылғы жылы “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ бөлімшелері ұзындығы 228 км Құрты–Бұрылбайтал учаскесін қайта құруға кірісті. Іске асыру халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады (ЕҚДБ – 143 км, ХҚДБ – 85 км). Автомобиль жолы I-б санатына жатқызылады, жұмыс аяқталғаннан кейін қозғалыс 4 жолақпен жүзеге асырылады. Учаске бойынша жұмыстарды толық аяқтау 2020 жылға жоспарланған

Орталық – Шығыс (905 км) дәлізі бойынша қазіргі уақытқа дейін 404 км пайдалануға берілді. Қалған 501 км-да жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде Астана-Павлодар — 241 км, Павлодар-Қалбатау-260 км (жер төсемін, жол киімін орнату, жолдарды абаттандыру, жол өтпелері мен көлік жол айрықтарындағы жұмыстар). Жыл қорытындысы бойынша 196 км пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұзындығы 562 км Астана – Петропавл – РФ шекарасы бағыты бойынша іске асырыла бастағаннан бері Астана – Петропавл 463 км учаскесі бойы қозғалысы ашылды. РФ шекарасына дейінгі (Қорғанға) жолды қайта құру басталды. 65 шақырымда жұмыс жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша “Көкшетау қаласына кіреберіс” учаскелері мен Петропавл қаласының айналма жолын пайдалануға беру жоспарлануда.

Толық ауқымды жұмыстар Бейнеу-Ақжігіт (85 км) автожолында да жалғасады. Жер төсемдерін, жасанды құрылыстарды орнату, инженерлік коммуникацияларды көшіру, ДЭУ салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша барлық жол жүру жолдарын ашу жоспарлануда, пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған.

 

Үшарал-Достық (184 км), Қостанай-Қарабұтақ (114 км) жобалары бойынша жобалау-іздестіру және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылдың екінші жартыжылдығында бастау жоспарлануда.

Талдықорған – Қалбатау – Өскемен (763 км), Қалбатау-Майқапшағай (415 км) және Мерке-Бурылбайтал (266 км) автожолында жобалау-іздестіру жұмыстары, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Іске асыру кезеңі-2017-2021 жж..

 

Сондай-ақ, Щучинск-Зеренді (80 км), Өскемен-Рахман қайнары (32 км) автожолдарын 2019 жылы аяқтаумен және Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы (35 км) 2020 жылы аяқтаумен қайта жаңарту жүргізілуде..

Ағымдағы жылы Қордай (40 км) қаласын айналма жолын,  Орал – Каменка (73 км) және Таскескен-Бақты (20 км) учаскелеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстары кезінде жергілікті қамту үлесі 95% құрайды. 50 мыңға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және 10 мыңнан астам техника бірлігін жұмылдыру жоспарлануда.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?