ҚР ИДМ-де ҮАААЖ – ға АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ЕНУ ҚҰНЫН АТАДЫ ҮАААЖ – ға ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ЕНУ ҚҰНЫ 200 ТЕҢГЕ, ЖҮК ТАСИТЫН КӨЛІК – 280 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ. МИНИСТРЛІКТЕ БҰЛ БАСТАПҚЫ БАҒА ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТТІ.

 In жаналыктар

 

ҚР ИДМ-де Үлкен алматылық айналма автокөлік жолының (ҮАААЖ) құрылыс жобасы ерекшеліктері туралы айтып өтті.

ҮАААЖ концессиялық жобасын төрт жылға салу жоспарлануда. Жолды пайдалану үшін 16 жыл инвесторлар  – түрік компаниялары Alarko, Makyol және кореялық SK компаниясы жауап береді.

«Концессия шарты өз әрекетін тоқтатақаннан кейін, жол біздің құрылымдарға пайдалануға өтеді. Бұл концессиялық объекті болады, оны олар (инвесторлар – Авт.) өздері 16 жыл бойы салып және пайдаланатын болады. Бұл автожол индустриясындағы МЖС қағидасы болып табылады», – деді Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында.

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбіләлиев ҮАААЖ-ға өтудің бастапқы бағасы қандай болатынын хабарлады.

«Жеңіл автокөліктің бастапқы бағасы бір өту үшін – 200 теңгені, жүк таситын автокөліктің бір өту үшін бағасы – 280 теңге», – деді Сәтжан Әбіләлиев.

«Жол жүру құны инфляцияны ескере отырып, осы 16 жыл кезеңіне есептелген, онда индекстеу көзделген», – деді Роман Скляр.

Сәтжан Әбіләлиев шартқа сәйкес инвесторлар үшін айыппұлдардың механизмдері туралы баяндады.

«Әрбір бұзушылық үшін айыппұлдар қарастырылған. Егер жолда, мысалы, соғылған ит екі сағаттан артық уақыт ішінде жатса, белгілі бір айыппұл салынады. Егер қар жауып, екі сағат бойы оны тазаламаса – айыппұл. Егер кезек 100 метрден асса – онда да айыппұл. Әр жолы, айыппұл ұпайлары беріледі. Олар өздерінің максималды деңгейіне жеткенде, ҚР ИДМ одан әрі онымен жұмыс істеу немесе істемеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Осының бәрі шартта жазылған», – деді Сәтжан Әбіләлиев.

Дегенмен, Роман Скляр осы жобаға қатысты оптимистік көзқараста. Ол халықаралық қаржы ұйымдары, атап айтқанда Еуропалық қайта құру және даму банкі, 100% іске асыруға болатын жобалар үшін ғана ақша береді деп атап өтті.

«Консорциум таңдау, қаржыландыру ұйымы да кездейсоқ емес. Бұл объектіні уақытында сала алатын және оны пайдалануға бере алатын компаниялар. Онда күрделі ештеңе жоқ. Біз мамырда құрылысты бастаймыз, содан кейін жұмыс қарқынын, олар қалай өтеді екен. соны көреміз. Бұл әрқайсысының толық көз алдында болады», – деді вице-министр.

ҮАААЖ құрылысы мамыр айында басталады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметте дайындық жұмыстары басталғанын хабарлады.

Үлкен алматылық айналма автокөлік жолының (ҮАААЖ) құрылысына арналған концессиялық келісімге 2018 жылдың 7 ақпанында қол қойылды. Alarko-Makyol-SK- Korean Expressway Corporation дайындық жұмыстарын бастады.

Бұған дейін, Жеңіс Қасымбек оңтүстік кореялық және түрік инвесторларына едәуір қолайлы жағдайларды ұсынғанын және құрылысқа 180 миллиард теңге инвестициялауға дайын екенін атап өтті.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?