МеМОРАНДУМғА қол  қою

 In жаналыктар

«Жол-Сапа» ЖШС-нің Қазақстандағы автожол саласының табыскер компаниясы болғанына бірінші жыл емес. 12 жыл қызмет еткен уақыт ішінде Компания өзін болашағы зор және жауапты орындаушы ретінде дәлелдеді.

Даму келешегінде компания халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу және Қазақстаннан тыс жерлерде жобаларды жүзеге асыру мақсатын қойып отыр. Осыған байланысты компания өз қызметкерлерінің дамуына ерекше көңіл бөледі.

Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында біздің компания қызметкерлері осы жылы Сеулге (Оңтүстік Корея) жіберілді, онда олар «Dongsung Engineering Co. Ltd және Korea Engineering Consultants Corp. (KECC) корей серіктестерімен кездесті.

Кореяда оқыту кезеңінде «Жол-Сапа» ЖШС мамандары біздің компаниямызда енгізу және пайдалануды көздейтін корей әріптестерінің жұмыс әдістерін зерделеудің құнды тәжірибесі мен мүмкіндігіне ие болды. Сондай ақ, бұл кездесу барысында біздің компаниямыздың автожол саласында одан әрі дамуы және Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі халықаралық байқауларға бірлесе қатысуын алдын-ала сараптау мәселелері талқыланды.

Серіктестік қатынастарды нығайту мақсатында, «Жол-Сапа» ЖШС келесі компаниялармен меморандумға қол қойды:

«Dongsung Engineering Co. Ltd». (Оңтүстік Корея);

«Renardet S.A.» (Швейцария);

«Korea Engineering Consultants Corp. (KECC)» (Оңтүстік Корея);

«AARVEE Associates Architects Engineers & Consultants PVT.» (Үндістан);

«Temelsu International Engineering Service Inc.» (Түркия).

Жоғарыда аталған компаниялар автожолдар құрылысы саласында көптеген жылдар бойы жұмыс тәжірибесі бар қадағалау және жобаларды басқару бойынша консалтингтік қызметтер көрсетудегі өз елінің өкілдері,  сондай-ақ, ең сенімді шетелдік әріптестердің бірі болып табылады, олардың кейбіреулерімен «Жол-Сапа» ЖШС-нің құрылуынан бері ынтымақтасып келеді.

Бұл қадам – біздің компаниямыздың халықаралық деңгейге көтерілу және кіру үшін қажетті алғышарт болып табылады.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?