ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АВТО ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ

 In жаналыктар

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкенттен және Сарыағаштан айнала өтетін жоғары жылдамдықтағы төрт жолақты жолдарды салу жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында жол құрылысына техникалық көмек ретінде Азия даму банкі (АДБ) 1,8 миллион доллар бөледі деп, Kazakhstan Project Preparation Fund баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, zakon.kz хабарлайды.

Астанада «Оңтүстік Қазақстан облысында жылдамдықты жолдарды салу және пайдалану» концессиялық жобасын жүзеге асыру бойынша техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында АДБ жобаның байқаулық құжаттамасын әзірлеу үшін халықаралық кеңесшілерді тартуға қаржылық көмек көрсетеді.

Меморандумға сәйкес, техникалық көмек көлемі 1,8 млн. долларды құрайды. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру үшін 500 миллион долларға жуық жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылдамдықты автокөлік жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасы Шымкенттің және Сарыағаш қалалары жоғары жылдамдықты, төрт жолақты айналма жолдарын салуды, оларды пайдалануды концессионерге беруді көздейді. Сондай-ақ, бірыңғай жоғары жылдамдықты транзиттік дәлізді құру үшін концессионерге қолданыстағы Оңтүстік Қазақстан облысының  автомобиль жолдары басқаруға берілетін болады деп күтілуде.

Kazakhstan Project Preparation Fund —  «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.

«zakon.kz».

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?