2018 ЖЫЛЫ ШҚО ЖОЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 2  ЕСЕ КӨП ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ

 In жаналыктар

Шығыс Қазақстанда көлікжолдарын жөндеу үшін өңірлік ұтқырлықты арттыру мақсатында 2018 жылы былтырғыға қарағанда екі есе артық қаражат бөлінетін болады, ал ұтқырлықты арттыру жолдарды жөндеу мен қайта құру көлемін ұлғайту есебінен болады деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Жалпы алғанда, 2018 жылы 120 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.

Өскеменде 25 км жол жөндеуден өтеді, Семейде – 35 км, Риддер, Аягөз қалаларында, Жарма, Шемонаиха аудандарында да болады.

Сондай-ақ, шекара маңы аймақтарын және рекреациялық аймақты дамыту мақсатында  Марқакөл көлін айнала ұзындығы 3,8 км «Теректі- Урунхайка – Төсқайың» көлікжолын қайта жөндеу жүргізілуде.

Облыс әкімінің айтуынша, жолдарды жөндеу мен қайта құру көлемінің екі есеге артуы аймақ ішілік мобильдікті арттырады.

Ішкі аумақтық ұтқырлықты арттыру үшін біз жолдарды жөндеу мен қайта құру көлемін арттыратын боламыз. Ағымдағы жылы осы мақсаттар үшін өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлінді, яғни 82,3 млрд. теңге барлық өндіріс көздерінен қаржыландырылады – деді кездесу барысында Даниал Ахметов. – Мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін  70-85% деңгейіне жеткізуді тапсырамын.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы орташа жөндеуден 86 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар өтті. Олар Алакөл көліне, Алтай Альпісі демалыс базасы,  Абай ауданы Жидебай шатқалына,  паромды өткелдерінен Күршімге қарайғы бағыттар бойынша және Бородулиха – Шемонаиха бағыты бойынша  жүргізілген болатын. Сонымен қатар, Зырян, Зайсан және Үржар аудандарында жолдар жөнделді. Елді мекендердің көшелерінде және Өскемен мен Семей қалаларында жол жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүзеге асырылды.

Алайда, осы саладағы Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында облыстық және аудандық деңгейдегі автокөлік жолдарының қосымша қаржыландыруы бойынша, инвестициялар және Қазақстан Республикасының дамуы бойынша Министрлікпен облыста жұмыс жүргізілуде.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?