АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 8,6 МЫҢ КМ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕЙДІ

 In жаналыктар

Ағымдағы жылы Алматы облысында жергілікті мақсаттағы автокөлік жолдарын жөндеуге бюджеттен – 10 128, 487 млн. теңге бөлінді. Осы мақсаттарға алдыңғы жылдарда елеулі қаржы бөлінген болатын. Аймақтың жолдары біртіндеп тәртіпке келтірілуде, деп хабарлайды NUR.kz тілшісі.

Алматы облыстық әкімдігінің ақпараты бойынша облыс автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 8684,6 км құрайды. Олардың ішінде республикалық маңызы бар жолдар 2546 км, облыстық маңызы бары – 6138,6 км құрайды. Облыстық маңызы бар жолдарда 244 көпір мен 6001 су өткізгіш құбырлар бар.

Ағымдағы жылы 26 шақырымға арналған автокөлік жолдар мен көпірлерді жөндеуге  1 695 046 млн. теңге бөлінді, 128,5 км автокөлік жолдарын орташа жөндеуге – 3 661,6 млн. теңге, ал қалғандары ағымдағы жөндеу  және техникалық қызмет көрсету үшін бөлінген.

Көптен күткен жобалардың ішінде «Көкпек-Кеген-Түп» рельстік жолынан «Шарын шатқалына кіру» туристік орындары үшін ұзындығы 11 шақырымдық жол салу туралы айтқымыз келеді. Алматы-Жетіген-Қапшағай су қоймасының” “Талғар-Спутник” автожолын күрделі жөндеу 2017 жылы басталды.

Жақын болашақта “Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай” трассасын және  ұзындығы 122 км болатын едәуір маңызды “Сарыөзек-Қорғас-Коғалы-Көксу-Қарабұлақ” учаскесін  қалпына келтіру жұмыстары басталады.  Сондай ақ “Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой-Ақбұлақ”  автожолының  құрылысы басталады.

Бұдан басқа, 2018 жылға арналған жоспарларда апаттың 1- дәрежелі авариялылықта тұрған 31 көпірді күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бар. Өткен жылы осы жобаға 100,0 млн. теңге жұмсалды, биылғы жылы 152,855 млн. теңге бөлінді.

Автожол құрылысы мердігерлері атап өткендей, барлық жоспарланған орындалатын жұмыс кестелері қатаң уақытында орындалады. Құрылысшылар, сондай ақ жаңа автокөлік жолдарының сапасы стандарттарға сай келетініне және бірнеше ондаған жылдар бойы қызмет ететініне сендіреді.

Жолдар құрылысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жеке бақылауында екенін атап өту керек. Ол учаскелерді реконструкциялаумен айналысатын мердігерлер ұйымдардың жұмыс сапасын тексеру үшін, жиі жұмыс сапарларын жүргізеді.

Жөндеу нәтижесінде жолдардың жай-күйі жақсарды, оны тек жауапты тұлғалар ғана емес, облыстың қарапайым тұрғындары да атап өтуде.

«Біздің қалада жолдардың сапасы жақсарғандығын көріп отырмыз, мысалы, өткен жылы бірнеше көшелерде күрделі жөндеулер жүргізілді. Бұдан басқа, жаңа тротуарлар пайда болды. Мұның бәрі жолдағы қауіпсіз қозғалысқа әсер етеді деп ойлаймын», – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Евгений Ким.

Қашық аудандар да қалыс қалмауда,  елді мекендер тұрғындары да қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарына оң пікірлер білдіруде. Осылайша, біз Алматы облысының көліктік-логистикалық мәселелерді шешуге көп көңіл бөлетінін көріп отырмыз, өйткені бүгінгі күні бұл мәселе ең маңызды сәттердің бірі болып табылады және маңыздылығына байланысты бірінші орынға шығуда.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?