АСТАНА ӘКІМІ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

 In жаналыктар

Проблемалы учаскелерді қарау барысында Әсет Исекешев жауапты қызметтерге  тапсырмалар берді деп хабарлайды астана әкімдігінің сайты.

– Егер жақын арада жол жұмыстарын жүргізу үшін тиісті ауа-райы жағдайлары болып жатса, жолдарды жөндеуге және таңбалауға кірісу керек», – деді Астана әкімі Әсет Исекешев.

Ол жолдардың құрылысы мен жөндеу сапасы басымдықта болуы тиіс екенін атап өтті.

– Өз кезегінде, Астана қаласының көлік және жол-көліктік инфраструктураны дамыту басқармасы басшысы Асхат Карагойшин, жол белгілерін салу бойынша жұмыстар, уәкілетті орган – Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасы бекітетін жол белгілерін салу кестесіне сай, қолайлы ауа райы жағдайлары орнағаннан кейін және жол белгілерін салудың қолданыстағы технологияларына (құрғақ ауа райы, жауын-шашынның болмауы, 85% -дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылық, ауаның температурасы + 10 ° C төмен емес және т.б.) сәйкес басталатынын атап өтті.

Сонымен қатар, 2017 жылы елордада рекордтық жол жұмыстары жүргізілді – 169 көшелер, оның ішінде Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс, Көктал, Ильинка және Комсомольск аудандарының 107 тұрғын алабы салынды және жөндеуден өткізілді. Жалпы көлемде, 114,5 км асфальт жолдары салынды. Қаланың көше-жол желісіне жүктемені азайту үшін 7 қиылыс жолдары 9 оңға бұрылуға арналған құламалармен жабдықталды.

Сондай-ақ, Астана қаласы көлік және жол – көліктік инфрақұрылымы басқармасының  алдын-ала мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы 183 көшелер, оның ішінде 22 қаланың негізгі көшелері мен тұрғын алаптарындағы 133 көше салынады және жөнделеді. Бөлінген қаражат аясында 28 көшеде 28,4 км жол жабындысын жүргізу жоспарлануда.

Асфальтбетонды жабынды тұрақтылығын көтеру  және жөндеу аралық мерзімді арттыру үшін, зертханалық бақылау қызметі, ең алдымен,  қолданылатын жол-құрылыс материалдарының саласында, соның ішінде асфальтбетон саласында жетілдірілетін болады.

Қала магистральдарында қорғайтын қартаюға қарсы және суға төзімді Rejuvaseal, «Микромастика» қоспалары және жіңішке қабатты бұдырлы қабаттарға арналған қоспалар – «Микросюрфейсинг» сыналады, ол өз кезегінде қолданыстағы асфальтбетонды жабындардың өміршеңдігін ұзартады.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап «Астана қалалық жол зертханасы»  ЖШС тәуелсіз компаниясымен құрылыс материалдары мен асфальт-бетонның сапасына және сәйкестігіне толық бақылау жүргізеді.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?