АЛМАТЫДАН АҚЫЛЫ ТРАССАЛАРДЫ ҚАШАН ҚОСАТЫНЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЙЫНША МИНИСТР ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ХАБАРЛАДЫ

 In жаналыктар

Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автокөлік жолдары қашан ақылы жолдар болатыны туралы Инвестициялар және даму бойынша министр Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Биылғы жылы үш ақылы жолды енгізу жоспарланған. Республикалық  маңызы бар жолдарда төлемдерді енгізу ең басты басым міндеттердің бірі болып табылады. «Нұрлы жол»  бағдарламасы аясында, Астана-Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Хоргос учаскелерінде төлем алу жүйесін құру бойынша  құрылыс-монтаж жұмыстары министрлікпен жүргізіліп, ол осы жылдың сәуір айында аяқталады.  Жүйені қосу ағымдағы жылдың екінші тоқсанында тестілік режимде жоспарланған” – деп Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында баяндады.

Министр хабарлағандай, 2020 жылға дейін  6,5 мың шақырымға дейін ақылы жолдарды ұлғайту жоспарлануда. Бұл 30 млрд. теңгеге дейін жыл сайынғы жинақтарды қамтамасыз етеді. “Біз   30 миллиардты ақылы жолдардан 2021-2021 жылдары алуды жоспарлап отырмыз, олар бюджетке түсетін болады. Олар жолдарды ұстауға жіберіледі », – деп қосты Ж. Қасымбек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы және Қапшағай арасындағы Алматы – Өскемен республикалық трассасы 2017 жылғы желтоқсаннан ақылы болады деп  жоспарланған болатын.

 

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?