КҮРТІ-БУРЫЛБАЙТАЛ ЖӘНЕ ҰЗЫНАГАШ-АТАР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІСІМ РАТИФИКАЦИЯЛАНДЫ

 In жаналыктар

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламенті «Күрті-
Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» автожолдарының жобалары
бойынша келісімді ратификациялады.
2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және
Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық
транзиттік дәлізі үшін автожолды қайта құруға арналған қарыз туралы
келісімге қол қойылды.
Ағымдағы жылы аяқталған Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан
облыстарындағы автожолды қайта құру жобасының қорытындысы
бойынша ХҚҚДБ қарызы қаржылары үнемделген болатын.
Үкімет "Күрті-Бурылбайтал" және "Ұзынағаш-Отар" жобаларын іске асыруға
арналып үнемделген қаржыны пайдалану туралы шешім қабылдады,
нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкі арасындағы 2017 жылдың 26 қыркүйегінде қосымша келісімге
қол қойылды.
Осы учаскелерді қайта құру 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол»
инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген.
Ұзындығы 85 км «Күрті-Бурылбайтал» учаскесі (I санатты 4 жолақты
қозғалысымен) «Орталық-Оңтүстік» дәлізіне кіреді және «Астана-Қарағанды-
Балқаш-Күрті- Қапшағай-Алматы» республикалық маңызы бар жолдың бір
бөлігі болып табылады. Ұзындығы 96 шақырым "Ұзынағаш-Отар" учаскесі (I
санатты 4 жолақты қозғалысы бар) – "Алматы-Қордай- Благовещенка-Меркі-
Ташкент-Термез" еспубликалық маңызы бар жолдың бір бөлігі болып
табылады.

Жер учаскелерін реконструкциялауға жұмсалған шығындардың сомасы
319,2 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде Халықаралық Қайта құру
және Даму Банкінің қарызы – 271,3 млн. АҚШ долларын, республикалық
бюджеттен – 47,9 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі автомобиль
жолдары комитеті мердігерлік компанияларды, сондай-ақ құрылысты
қадағалау жөніндегі консультантты таңдауға көшті. Шарттар қарыз туралы
келісім күшіне енгеннен кейін жасалады.
Жұмыс учаскелерін аяқтау 2021 жылға жоспарланған.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?