«АСТАНА-ЩУЧИНСК» ЖОЛЫНДА МЕТЕОЖҮЙЕ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

 In жаналыктар

Қазіргі уақытта «Астана-Щучинск» жолындағы метеожүйе тексерістен өтті. Рустам Исаевтың айтуынша, «2019 жылы ақылы жолдарда метеостанцияларды салу жоспарлануда». Исаев сондай-ақ, «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» жол учаскелерінде ақыларды жинау жүйесінің инфрақұрылымын құру барысы туралы баяндады. Биылғы жылдың соңына қарай «Астана-Теміртау» және «Алматы-Қапшағай» екі жолында жұмыстардың аяқталуы жоспарланып отыр.

Жүйені тестілеуді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастау жоспарлануда, ал кейінгі кезеңде екінші тоқсанда толық пайдалануға өту жоспарланған. «Жалпы алғанда, осы жолдардағы жүру құны қандай болатындығы барлығын қызықтыруда. Біз «Астана-Щучинск» жолында қолданылатын тарифтерді ұстанамыз, бұл жеңіл автокөліктер үшін 1 километрге 1 теңгені құрайды», – деп хабарлады Исаев. Оның айтуынша, барлық ақылы жолдар бірінші техникалық санатқа және жоғары жайлылық деңгейіне сәйкес келеді, соның салдарынан мұндай жолдар бойындағы қызмет көрсету объектілерін дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.

«Төлемдер осы жолдарды жөндеу және ұстап тұру үшін енгізіледі, ал жылдың аяғында қалатын қаржылық артықшылықтар бюджетке аударылады. Ақылы жолдар принципі – жолда кім жүреді, сол төлейді», – деді Исаев.

Бұл жұмыс ақы алынатын басқа жол учаскелерін жобалау бойынша жалғасып жатқандығын атап өткен жөн. Барлығы 13 учаске, ұзындығы 5 мың километрден асады. Олардың ішінде: Щучинск – Петропавл – РФ шекарасы (Қорғанға), Астана – Қостанай –  РФ шекарасы  (Троицкіге), Астана -Павлодар, Павлодар – РФ (Омбыға) шекарасы, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самараға қарай), Орал – РФ шекарасы (Саратовқа), Ақтау – Бейнеу, Атырау-Доссор-Бейнеу-Бекжігіт-Өзбекстан шекара, Қапшағай-Талдықорған және Батыс Европа халықаралық дәлізінің қазақстандық бөлігі – Батыс Қытай.

2018 жылдың бірінші тоқсанында жобалау жұмыстары аяқталып, тиісті инфрақұрылым құрылысы басталады деп күтілуде. Жалпы алғанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2019 жылға қарай 6 мың шақырым жолға ақылы негізде режим енгізуді жоспарлап отыр.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?