ҚҮРТІ-БУРЫЛБАЙТАЛ АВТОЖОЛЫН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ БАСТАЛДЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 4,4 мың км 22 автожол жобаларын іске асыру көзделген. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Үкімет отырысында мәлімдегендей, бірінші жартыжылдығында іске асырылатын жобалар бойынша 112 млрд. теңге игерілген, 80 мың адам тартылған. Оның айтуынша, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша Министрлік ұзындығы 228 км Күрті-Бурылбайтал учаскесін іске асыруға кірісті, оны Дүниежүзілік және Еуропалық банктер қаржыландырады. Сондай-ақ, бюджет есебінен 3 тоқсанның аяғына дейін Қарағанды қаласы Солтүстік-Шығыс айналма жолының салу және қайта құруды бастауды жоспарлап отырмыз. 2018 жылдан Дүниежүзілік банктің есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 км) және Күрті – Қапшағай ” (67 км), Қарағанды-Балқаш (364 км) учаскесін 2019 жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша ұзындығы 14 км, Теміртау-Қарағанды учаскесін қайта жаңарту жалғасуда, ол келесі жылы аяқталады. Орталық-Шығыс жобасы бойынша іске асыру басталғаннан бастап 230 км пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы жобаны іске асыруға бюджеттен 106 млрд. Теңге бөлінді. 675 км жұмыстарымен қамтылған және жылдың қорытындысы бойынша 230 км Астана-Павлодар учаскесі бойынша 4 жолақты қозғалысты, сондай-ақ Семей-Қалбатау жолының ұзындығы 36 км соңғы учаскесін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы жобаны толығымен аяқтау жоспарланып отыр, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Орталық-Батыс жобасы бойынша,  Астана-Қостанай автожолы және Ақтөбе-Қарабұтақ – Денисовка учаскесін қайта жаңарту толығымен аяқталды, 2020 жылға дейін Денисовка-Қостанай учаскесін аяқтау жоспарланып отыр (114 км). Сондай-ақ, осы жылы Ақтөбе-Атырау-Астрахань автомобиль жолын қайта жаңарту басталады. Бұдан басқа, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавловск – РФ шекарасы, Орал-Каменка ауыспалы жобалары бойынша іске асыру жалғасуда. Министр атап өткендей, мемлекеттік орган жаңа жобаларды іске асыруды бастауды жоспарлап отыр,  мәселен Жетібай-Жаңаөзен-Талдықорған-Өскемен, Мерке-Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осинов өткелі, Щучинск-Зеренді, ұзындығы 2 мың км.

Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 1 және 2 – техникалық санаттағы параметрлері бойынша,  600 км-ді аяқтау жоспарланып отыр, оның ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автомобиль жолдарын қайта жаңартуды толық аяқтау жоспарлануда.

Recent Posts

Leave a Comment