Биылғы жылы жолдарды жөндеуге қанша жұмсалады

2017 жылы 2,4 мың шақырым қазақстандық жол жөндеу жоспарланған, ол өткен жылғы көлеммен салыстырғанда  63 пайызға жоғары, Energyprom.kz. – ке сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлайды. Агенттіктің мәліметтері бойынша, автожолдардың төмен техникалық жай-күйіне, авариялық көпірлерге,қалаларға жақын жерлердегі шамадан тыс жолдардың жүктемесіне байланысты, авто көліктердің жүрдек мүмкіндігі пайдаланылмайды,  1,3-1,5 есе көп жағар май жұмсалады. Жөндеу және қызмет көрсету шығындары көлік 2,5-3,4 есе көтерілді, автомобильдердің қызмет ету мерзімі 20-30 пайызға қысқаруда. Осы жылы мемлекеттік сектор  республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 2,4 мың шақырым жослдарда орта және күрделі жөндеу жүргізу жоспарлады,  ол өткен жылғы жұмыстардың көлемінен 63 пайызға асады.

Бір жылда қаржыландыру 60 пайызға өсіп, 160,7 миллиард теңгені құрады, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге де, жолдарды ұстау және  көгалдандыруға 73,4 миллиард теңге бөлінеді. Республиканың аумағы бойынша өтетін, облыстық және аудандық маңызы бар маршруттар әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, автомобиль жолдарын жөндеуге сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға 71,1 миллиард теңге бөлінеді. Елді мекендердің көше-жол желісін күрделі және орташа жөндеуге  8,6 миллиард теңге қарастырылған, бұл өткен жылға қарағанда 73 пайызға артық.

2017 жылғы 1- қаңтарына  республикалық маңызы бар автожолдардың 44 пайыздан астамы жақсы күйде, 41 пайызы – қанағаттанарлық және 15 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Автожол инфрақұрылымын дамыту жоғарыда келтірілген ресурстарды ескере отырып, жағдайы жақсы жолдар үлес салмағын арттыруға ықпал етеді, жолдардың жалпы ұзындығынан 2017 жылы – 48 пайызға дейін, ал 2019 жылы – 52 пайызға дейін. Жолдардың жақсы жай-күйі бар ең көп концентрациясы -Қызылорда облысында – 72 пайыз байқалады, ең аз Атырау және Алматы облыстарында – 32 және 31,8 пайызды құрады. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға келетін болсақ, жақсы жай-күйде тек 21 пайызы, 44 пайызы – қанағаттанарлық және 35 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2018 жылы, жоспарға сәйкес, олардың жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі үлесі 67 пайызды құрайды. Ең жақсы көрсеткіш жолдардың жақсы жағдайы – 56 пайыз негізінен  Маңғыстау облысында байқалады, нашар БҚО – 11 пайыз.

 Фото ©Tengrinews.kz

Recent Posts

Leave a Comment