Солтүстік Қазақстан жолдарын жөндеуге  бюджеттен 10 млрд теңгеден астам бөлінді.  

 In жаналыктар

 

ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің  Автомобиль жолдары Комитеті Төрағасының Орынбасары Сайранбек Бармақовтың  Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. СҚО-да және тұтасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын салу жұмыстары кездесу тақырыбы болды. Сайранбек Бармақов, сондай-ақ атап өткендей, биылғы жолдауда жол саласының дамуына үлкен көңіл бөлінген, сол себепті  осы саланың мамандары мойнында үлкен жауапкершілік жатыр, өйткені қайта жөндеу шамамен 4400 км қамтитын болады, ал 2020 жылға қарай 7000 шақырым жол ақылы болмақ. Биылғы жылдың соңына қарай, “Астана-Теміртау”, “Алматы-Қапшағай”, “Алматы-Хоргос” жолдары бойынша жол жүруді  ақылы жасау жоспарланып отыр.

2018 жылы тағы 5 мың км ақылы болады. Бұл – “Щучинск-Петропавл-РФ шекарасы”, “Қостанай-РФ Шекарасы”, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай”, “Талдықорған-Өскемен”, “Астана-Павлодар”, “Павлодар-Семей”, “Семей-Өскемен” учаскелері. Ақылы жолдарда жол-көлік оқиғалары аз. Оларды ұстау үшін мемлекет ақша бөлмейтін болады. Мысалы, “Астана-Щучинск” трассасы жыл сайын 1,2 млрд теңге жинайды. Бұл сома жолдарды ұстауды толығымен жабады. Осылайша бюджеттік жүктеме азаяды. Босаған ақшаны біз күрделі және орташа жөндеу жүргізуге бөлетін боламыз”, — деді Сайранбек Бармақов. Болашаққа жоспарға келе отырып, Сайранбек Бармақов,  биыл ұзындығы 800 км “Өскемен-Талдықорған” жолдары құрылысы басталатынын атап өтті. Осы жолды аяқтаудың мерзімі 3 жыл шамасында деп жоспарлануда.

“Ұзынағаш-Отар”, “Балқаш-Қапшағай”, “Қарағанды-Балқаш”, “Қызылорда-Қарағанды”, “Ақтөбе-Атырау”, “Атырау-Астрахань РФ” жол құрылысы жоспарланған. “2009 жылы біз “Батыс Еуропа — Батыс Қытай” үлкен жобасын бастадық. Ол РФ мен Қытайды біріктіреді. Біздің республикамыз  2700 км 5 облыстар бойынша өтеді. Қазірдің өзінде 2400 км жасалды. 1 шілдеге қарай жоба аяқталады. Қытайдан жүк  7 күн ішінде жететін болады”, — дейді Сайранбек Бармақов. Солтүстік Қазақстан облысының жол ұйымдарының жұмысына ҚР ИДМ Автомобиль жолдары Комитеті төрағасының орынбасары оң баға берді. “СҚО жолшылар жұмысына шағым жоқ облыстардың бірі, жолдарды ұстау жақсы қойылған. Жол-көлік оқиғаларының саны 30% – ға азайды. Барлық тасқындық бұзылу жойылған. “Петропавл-Соколовка” көпірі ғана қалды. Бұл жылы ол жоспарда бар, 444 млн теңге бөлінген. Ол салынатын болады”, — деп атап өтті Сайранбек Бармақов. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 10,7 миллиард теңге бөлінген. 647 км жол төсемін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл өткен жыл деңгейінен екі есе артық.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?