ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА!

 In жаналыктар

Жуырда Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінің күшімен іске асырылатын басым жобалардың  тізбесін қалыптастырды. 39 жоба қолданыстағы автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға,  көліктік тораптарын дамытуға және т.б. қатысты. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай,  Женевада, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (КВТ БҰҰ ЕЭК) ішкі көлік бойынша Комитеті іс-шарасы аясында ЕЭК көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов баяндады.

Ержан Нұрахметов атап өткендей, қазірдің өзінде автожолдардың құрылысы бойынша үлкен жұмыс көлемі атқарылды, мысалы, ұзындығы 8445 шақырым Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік бағдары тәрізді жобадан оны байқауға болады, ол аяқталуға жақын, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жаңа көлік бағыттарын құру, бұл болашақта ынтымақтастыққа үлкен мүмкіндіктері. “Мұндай маршруттар құру жүкті жеткізу уақытын орташа есеппен екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді, — деді ЕЭК өкілі. — Бұл тұрғыда біз үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз, олар бізге Қытаймен ынтымақтастыққа мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, біз бірге ЕАЭО және ЭПШП түйіндесу жобасын іске асыруға кірістік. Көлік және инфрақұрылым саласында біз жобалардың критерийлерін әзірледік,  олар бойынша ҚХР-мен өзара іс-қимыл “жол картасы” жобасына енгізіледі. Одақ мемлекеттерінің жол-көлік министрліктерімен бірлесіп, нормативтік, технологиялық, тарифтік реттеудің өзара іс-қимыл саласын анықтадық,  Еуразиялық көлік маршруттары тізбесі және басым жобалардың тізбесі келісілді, олардың 39-ы жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы жолдарды жаңғыртуға,  көліктік-логистикалық орталықтар құруға, негізгі көлік тораптарын дамытуға қатысты”

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?