Қазақстан жолдарды салу барысындағы Оңтүстік Кореяның тәжірибесін қолданады.

 In жаналыктар

Бүгінгі күнде компания өкілдері серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Оңтүстік Корея зияткерлік көлік жүйелері саласында көшбасшы тізімінде. Бұл елде 105 мың шақырым жолдар салынған, оның ішінде 4 мың шақырымы ақылы. Жоспар бойынша, елімізде 2020 жылға қарай 7 мың шақырым автожол құрылатын болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда бір автобан жұмыс істейді, ол Астананы Щучьемен біріктіреді. “Қазавтожол” Ұлттық компаниясында атап өткендей, жаңа жолдардың құрылысын жүргізу кезінде кептеліспен күресудің әлемдік тәжірибесі ескеріледі. Ержан Терекулов, “Қазавтожол”АҚ корпоративті дамыту жөніндегі басқарушы директоры:

—”Астана-Щучье” жобасы біз үшін пилоттық үлгі болып табылады. Ең алдымен, біз корей тәжірибесін ғана қолданбаймыз, әлемдік тәжірибе корей тәжірибесімен ғана шектелмейді, Жапония, Тайвань, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа тәжірибелері де бар. Шын мәнінде, кептелістер болды, бірақ біз онымен күресудеміз. Джеонг Мин, “Korea Expressway Corporation” компаниясының шетелдік  жобалары бойынша  бас директоры:

— Біздің еліміздің аумағының 2/3 бөлігі таудан тұрады. Бізге автомобиль жолдары жүйесін жасау қиынға соқты. Дегенмен, қысқа уақыт ішінде Оңтүстік Корея автомагистральдар, темір жолдар түріндегі лайықты инфрақұрылым құра алды. Бүгін біз өз тәжірибемізбен Қазақстанмен бөлісуге дайынбыз. Сіздің елдің маңызды көлік рөлі бар.

Recent Posts

Start typing and press Enter to search

0
Connecting
Please wait...
Send a message

Sorry, we aren't online at the moment. Leave a message.

Your name
* Email
* Describe your issue
Login now

Need more help? Save time by starting your support request online.

Your name
* Email
* Describe your issue
We're online!
Feedback

Help us help you better! Feel free to leave us any additional feedback.

How do you rate our support?