«Жол-Сапа» ЖШС қызметкерлерінде алты нәресте дүниеге келді

Инженер-жолшы Жасұлан Әбдірайымовтың отбасында егіз ұл туылды, аудармашы Едіге Айдосовтың отбасында қыз бала туылды. Жолшы инженер Сергей Егоровтың отбасы да толықты, онда егіз қыз туылды, ал аудармашы Меруерт Пернебаева қыз баланы дүниеге әкелді.

«Жол-Сапа» ЖШС ұжымы өз әріптестерін отбасылық қуаныштарымен  құттықтайды. Сіздердің сәбилеріңізге дендері сау және мықты болып өсуді тілейміз! Үйлеріңізден балаларыңыздың бақытты күлкісі ешқашан кетпесін!
Recent Posts