«Жол-Сапа» ЖШС қызметкерлері Оңтүстік Кореяда оқудан өтеді

«Жол-Сапа» ЖШС-ның үш қызметкері өздерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласына бара жатыр.

Олар үшін оқуды «Dongsung Engineering Co.LTD» компаниясы жүргізеді. Бұл компания Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейді және «Алматы-Қорғас» автожолын реконструкциялау жобасын іске асыруда «Жол-Сапа» ЖШС-ның серіктесі болып табылады.

«Жол-Сапа» мамандарын алда жеті күндік оқу және Оңтүстік Кореяның  автожол саласындағы инновациялық техтологиялармен танысу күтеді.

Суретте: Оңтүстік Кореяға қызметкерлер «Жол-Сапа» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Мұңбаевтың басшылығымен барады (суретте ортасында).

Recent Posts