«Жол-Сапа» ЖШС инженерлерін аттестаттау жалғасып жатыр

«Жол-Сапа» ЖШС инженерлерін аттестаттау Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылаудың (МСҚБ) барлық талаптары мен нормаларына сәйкес  жалғасып жатыр

Техникалық қадағалау инженерлері мен сарапшыларының арасында онлайн-тестілеу арқылы техникалық білімдеру тексеру жүргізіледі, ол 100 сұрақтан тұрады. 150 инженердің 75-і МСҚБ-да аттестаттаудан ойдағыдай өтті, оның нәтижелері бойынша оларға сараптау жұмыстары және инжинирингтік қызметтер жөніндегі сарапшы мәртебесі осы қызметті түрлі мамандықтар бойынша 1, сондай-ақ 2-3-жауапкершілік деңгейімен жүзеге асыру құқығымен берілді.

Бұл «Жол-Сапа» ЖШС жүзеге асыратын облысаралық, қалааралық және халықаралық деңгейдегі автожолдарды күрделі жөндеуді, реконструкциялауды және салуды техникалық қадағалау жоғары кәсіби деңгейде және жол құрылысының барлық стандарттары сақтала отырып жүргізілетініне кепілдік береді.

Recent Posts