Құрылысшы күніне орай «Жол-Сапа» ЖШС директоры Азат Айдарұлы Қабдрахымовтың құттықтауы

Құрылысшы күніне – бұл тарихы 50 жылдан астам уақытты қамтитын жасампаз және бейбіт осы кәсіптің барлық өкілдерінің мерекесі.

Құрылысшы мерекесінің қатаң белгіленген бір күні жоқ және ол жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде аталып өтеді. 2014 жылы бұл күн жаздың соңғы айының 10-ыншы күніне тура келеді.
Бүгінгі таңда Құрылысшы күніне тілектер өз өзектілігін жоғалтқан жоқ: біздің еліміздегі құрылыс саласы қалпына келіп қана қоймай – ол аса қуатты даму қарқынына жетіп отыр. Біздердің әрқайсымыз әйтеуір бір нәрсе салғанбыз – міне сондықтан да бұл еңбексүйгіш және кейде ауыр кәсіптің өкілдеріне ризашылық білдіруге себеп бар.
Сондықтан да «Жол-Сапа» ЖШС-ның барлық қызметкерлерін кәсіби мерекеміз – Құрылысшы күнімен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз – біздің Еліміздің тіршілік негізі! Сіздер салған ғимараттар сенімді де мықты болсын, жолдарыңыз тегіс те мүлтіксіз әдемі болсын! Сіздердің өмірлеріңіз мейірімге, шаттық пен бақытқа толы болуын тілеймін! Осы күн сіздерге көп ойын-күлкі мен қуаныш сыйласын, Сіздерге өз шеберліктеріңізді шыңдай түсуді және өз жұмыстарыңыздар әрқашан да шынайы ләззат алуды тілеймін!
Суретте: директор Азат Айдарұлы Қабдырахымовтың басшылығында «Жол-Сапа» ЖШС ұжымы.
Recent Posts