Инвестицияялар және даму министрі Әсет Исекешев «Астана-Теміртау» автожолының құрылысын тексерді.

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев (суретте) «Астана-Теміртау» автомобиль жолын қайта жаңарту барысымен  танысты және осы жоба бойынша мердігер ұйымдардың басшыларымен көшпелі кеңес өткізді деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Астана-Теміртау» автомобиль жолының ұзындығы – 171 км. Жоба бойынша ол  4-жолақты қозғалыста болатын және бетонды жабынмен жабылған 1-санатқа көшірілетін болады.
Автомобиль жолындағы құрылыс жұмыстары ұзындығы 22км екі учаскеде 2013 жылы басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар жалпы ұзындығы 109 км болатын 5 учаскеде жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 5 мердігер ұйым тартылған, 640 бірлік  жол-құрылыс техникасы, 5 бетон төсеуші кешен мен 5 бетон зауыты жұмылдырылған. 1 мыңнан астам адам тартылған.
Бүгінгі таңда барлық учаскелерде мердігер ұйымдардың жерде жасалатын жұмыстарды, жасанды құрылғылардың құрылысын, коммуникацияларды қайта қондыру мен жол киімін қондыруды жүргізіп жатыр.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы да 2 учаскеде мердігерлер анықталатын болады және автожол құрылыс жұмыстарымен толық қамтылатын болады.
Ағымдағы жылдың аяғында алғашқы 12 км пайдалануға енгізіледі деп күтіледі. Жалпы жобаны 2016 жылы аяқтау жоспарланған.
Кеңес қорытындылары бойынша Әсет Исекешев жұмыс қарқындарын ұлғайтуды, сапа бақылауын қатаңдатуды, сондай-ақ бүкіл учаске бойында қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Recent Posts