«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автошеруі аяқталды

2013 жылғы 27 тамызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автошеруі Белоруссиялық халықаралық Козловичи (Беларусь Республикасы мен  Польшаның шекарасы) автоөтпесінен басталған автошеру 2013 жылғы 6 тамызда Алматы қаласында  мәресіне жетті. Автошеруді ұйымдастырудың бастамашылары болған Қазақстан автожолшыларының ассоциациясы, Қазақстанның Жол Ғылыми-зерттеу институты, «Қазақжолқұрылыс» ЖШС, Жолшылардың Үкіметаралық Кеңесі, Белавтодор.

Экспедицияға Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің көлік министрліктерінің, жол саласының мамандары қатысты.

Автошерудің басты мақсаттары – жолдың өзекті  мәселелеріне, әкімшілік кедергілерді анықтау, шекаралық бекеттер бақылауы арқылы өтетін жүк ағыны рәсімдерін жеңілдетуге қатысушы елдердің үкіметтерінің назарын аудару. Жолшылардың Үкіметаралық кеңесі хатшылығы Басшысы Бури Каримов қазіргі уақытта жол сапасын жақсарту жөнінде кең көлемде жұмыс атқарылып жатқандығы, сонымен бірге әр елдің жол әкімшіліктері мен мамандарының ынтымақтығының маңызы жоғары екендігін  атап өтті.

Автошеру барысында оған қатысушылар Татарстан Республикасының көлік және жол шаруашылығы министрінің орынбасары Юрий Кузьминмен, Орынбор облысы губернаторы Юрий Берг, Нижегородтың «ГИПРОДОРНИИ» Жол-жобалық-іздену институтының басшысы Андрей Крыловпен және осы саласының басқа да өкілдерімен кездесті.

Беларусьтің өкілі Юрий Буртыльдің сөзіне қарағанда команда негізінен Кеден Одағына қатысты Ресей, Беларусь Қазақстанның жолдарының сапасы мен қолайлылығының сапасын бағалады.

10 мәшинеден жасақталған автоколоннада лаборатория-автомобиль де болды. Бұл машина жолдың жай-күйін жол бедерін өлшеу арқылы  жол жамылғысының түзулігі жолтабанның сапасы мен қолайлылығын білуге мүмкіндік жасайды. Бұл жүйенің артықшылығы – автомобильдердің ішінде арнайы компьютерлер орнатылған,  Олар автоматты түрде  деректерді жинақтап, сараптайды. Осындай ақпараттардың арқасында  жол жүйелерінің жай-күйі  бақыланып, оны жақсарту жөнінде шешімдер қабылданады.

Бұл команда Брест – Минск – Можайск – Нижний Новгород – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Түркістан – Шымкент – Тараз – Қытай Халық Республикасы және Қазақстан  Республикасының шекарасы (Қоргас) – Алматы маршруты арқылы жүріп өтті.

Автошеру барысында жолшылардың құрылыс қалашықтарын аралау мүмкіндігі туды. Бұл кездесулер делегация мүшелеріне, әсіресе журналистер қауымына, жол құрылысының қалай жүргізілетіндігін өз көздерімен көруге және дәлірек ұғынуға мүмкіндік туғызды.

Қазақстан үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай » жобасы еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар, республикамыздың оңтүстік және батыс өңірлерінің көлік байланысын құру үшін де аса маңызды.

Қайта салынғанынан кейін бұл маршрут Қытайдан Еуропаға жүк тасудың ең жедел жолына айналады.

Recent Posts