«Алматы – Көкпек – Шүнже – Көктал-Қорғас» автожолы учаскесіндегі жұмыстар басталды

«Алматы – Қорғас» автомобиль жолы сегіз учаскеден тұрады (төменде келтірілген кестені қараңыз). Жолдың жалпы ұзындығы 305 км құрайды. Әрбір лот бойынша құрылыс жұмыстары 30 айға созылатын болады.

Аталған автожолды реконструкциялау жөніндегі жұмыстар Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 8156-KZ қарыз қаражатының есебінен, ол бойынша келісім 2013 жылғы 23 мамырда ратификацияланды, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен  бірлесіп қаржыландырылады.

Тендер нәтижелері бойынша келесі мердігерлік ұйымдар пен консультанттар анықталды.

№ Лота Протяженность Название Подрядчика Название Консультанта по надзору за строительством
1 км 0-50 Dogus Insaat Ve Ticaret A.S. & Gulsan Insaat Sanayi Turism Nakliyat Ve Ticaret A.S. (Түркия) (Лот 1 және 2) Donsung Engineering Co. Ltd./ Dong Myeong Engineering Consultants & Architecture Co. Ltd./ «Жол Сапа» ЖШС (Корея/Қазақстан) (Лот 1-3)
2 км 50-111,7
3 км 111,7-171,1 СП Todini – Impregilo – Казахдорстрой (Италия/Қазақстан) (Лот 3-6)
4 км 171,1-214,3 Sweroad/Gauff Ingenieure Gmbh/ЖШС «Quality Planning Engineers & Consultanting» (Швеция/Қазақстан) (Лот 4-6)
5 км 214,3-259,30
6 км 259,30-304,4
7  7 км 214,3-304,4 көпірлер мен жол өткелдері  СП «Evrascon» – «МО-1» (Әзербайджан /Қазақстан) (Лот 7) Donsung Engineering Co. Ltd./ Dong Myeong Engineering Consultants & Architecture Co. Ltd./ «Жол Сапа « ЖШС (Корея/Қазақстан) (Лот 7 и 8)
8 Көпір немесе (км 283) OHL ZS (Чехия) (Лот 8)

Қазіргі уақытта барлық Мердігерлермен және Консультанттармен келісімшарттарға қол қойылған және олар қызметкерлер мен техниканы жұмылдыруға кірісті.

Recent Posts