АДБ өкілдері Ақтау-Бейнеу жолының құрылысына барады.

Ү.ж.18-20 маусымында Ақтауға Азия даму банкі өкілдерінің комиссиясы келеді.
Делегация «Шетпе – Ақтау-Жетыбай» автомобиль жолының құрылыс учаскесінде болады деп күтілуде, оның құрылысы АДБ қаражаты есебінен қаржыландырылатын Транш №2 бойынша басталады. Бұдан басқа, АДБ делегациясы «Жетібай – Жаңаөзен» жолының құрылыс учаскесінде болады.
 19 маусымда Маңғыстау облысының әкімдігінде АДБ өкілдерінің қалалар және аудан әкімдерімен, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің бастықтарымен және бас мамандарымен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау филиалының өкілдерімен және Жобаны басқару жөніндегі консультант «Жол Сапа» ЖШС-ның мамандарымен кеңейтілген кеңес өткізуі белгіленген.
Кездесуге әлеуметтік – экологиялық мәселелер, Транш №2 жобасын іске асыру кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың өтіп-қайту және қоныс аудару қағидалары шығарылды.
Суретте: АДБ делегациясы «Шетпе-Жетібай-Ақтау» жолының құрылысындағы жұмыстарды тексеруде.
Recent Posts