«Ақтау-Бейнеу» жолының жаңа перспективалары.

«Жол-Сапа» ЖШС ОАӨЭЫ Инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Азия Даму Банкі қаржыландыратын Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Ақтау» автожолын реконструкциялау жобасын басқару жөніндегі Консультант болып табылады. Бұл жолдың құрылысы Маңғыстау облысы тұрғындарының ғана емес, автожол саласы сарапшыларының да жіті қызығушылығын туғызып отыр, өйткені халықаралық стандарттар бойынша жаңа жол құрылысы туралы сөз болып отыр.
www.zholsapa.kz редакциясының өтінішімен осы жоба туралы толық мәліметті «Жол-Сапа» ЖШС –ның Жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобының жетекшісі Кришна Чакхун  (мархабат, суретке қараңыз) айтып берді.
– Кришна, сұхбаттасуға келісім бергеніңіз үшін рахмет айтамын. Ең алдымен өзіңіз туралы айтып өтіңізші. Сіз қазақстандық компанияда жұмыс істеп жатқан шетелдік мамансыз ғой.
 – Мен Непалда туылғанмын, Қазақстанға Лондоннан келдім. Мамандығым – инженер-жолшы, 1982 жылдан бастап қызмет етемін. Бұған дейін Мәскеуде, Лондонда, Бакуде және басқа да елдерде жұмыс істедім.
 – Сіз орыс тілінде жақсы сөйлейсіз.
 – Менің негізінен орыс тілді елдерде жұмыс істеу есебінен тілді үйренуге мүмкіндігім болды.
 – Енді Маңғыстау облысындағы «Ақтау-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы туралы айтып берсеңіз.
 – Жобаның тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 430 км құрайды, оның 370 км реконструкциялауды Азия Даму Банкі қаржыландырады және аталған жобаның бір бөлігі болып табылады. Ұзындығы 60 км қалдықты қаржыландыру Қазақстан Республикасының ішкі ресурстары есебінен жүргізіледі және «ҚазАвтоЖол» АҚ жеке жүзеге асырады.
Осы автожолды реконструкциялау Транш 1 және Транш 2 бөлінетінін айтып өтейін.
 Транш 1 ұзындығы 200,5 км жол учаскесін білдіреді (Манаш ауданы – Шетпе).
 1-транш бойынша автожолдар 2-техникалық санатқа жатқызылады, яғни осы 200,5 км екі жолақты болады. Құрылысты қадағалау жөніндегі консультант «Dohwa Engineering Co.» корей компаниясы болып табылады, құрылыс бойынша мердігер «Alsim Alarko» түрік компаниясы болып табылады. Құрылыс жұмыстары 2012 жылғы маусымда басталды, кесте бойынша құрылыстың аяқталуы 2015 жылғы наурызға жоспарланғанына қарамастан, олардың 2014 жылы аяқталуы күтіліп отыр. Қазіргі уақытта негізді және жабындының төменгі қабатын орнату аяқталғаннан кейін 200.5 км-ден 111 км учаске пайдалануға берілді. Сондай-ақ аталған учаскеде 115 су жүргізу құбырының 54-ін орнату аяқталды. 2014 жылы 1,15 млн. тонна қиыршықтас сатып алу жоспарланып отыр, оның ішінде 0,57 млн. тонна бүгінгі күні қамтамасыз етілді.
 Жол құрылысы сондай-ақ жолдағы уақытты елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Шетпе кентінен Бейнеуге дейін жол жүру 6 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарады деп күтіліп отыр. Мұнымен қатар автокөліктің қозғалу жиілігі өседі. Егер қазір орташа алғанда осы учаскеде тәулігіне 5000 бірлік автокөлік жүріп өтетін болса, реконструкция аяқталғаннан кейін трафик 1000 жеңіл және жүк автомашинасын құрайды. Жаңа жолдың ашылуы жол жүруге кететін шығыстарды шамамен 64 пайыздан 43 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған көрсеткіштер үнемі бақылануы және 2014 жылы осылайша қолдау табуы тиіс. Бұдан басқа туындайтын әлеуметтік және экологиялық мәселелер шешімін табатын болады. Қазір халықтан шағымдар тіркелген жоқ.
 Жол активтерін басқарудың компьютерлендірілген жүйесін құрудың тиімділігі аз емес, бұл АДБ-мен негіздемелік уағдаластықта көзделген. Бұл 2014 жылы қажетті дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін 2015 жылы іске қосылуы тиіс.
 – «Ақтау-Бейнеу» жолының екінші бөлігі қалай салынатын болады?
– 169,7 км «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесі 2-траншқа жатқызылды. Аталған учаскеде жұмыстардың басталуы 2014 жылы, 2017 жылы аяқталуы жоспарланған. 169,7 км автожолдан 86,7 2-техникалық санатқа жатқызылады. Жетібай кенті мен Ақтау қаласының арасындағы ұзындығы 83 км қалдық бірінші техникалық санатқа жатқызылады, яғни трасса төрт жолақты болады.
 Қазіргі уақытта жұмыстарды сатып алу және аталған учаскеде қадағалау жөніндегі консультанттарды тағайындау аяқталды. 2014 жылғы мамырдың басына мердігерлер мен консультанттар келісімшарттық келісімдерге қол қояды деп күтіп отырмыз.
 «Ақтау-Бейнеу» жолының бірінші қимасын реконструкциялауды аяқтағаннан кейінгі сияқты Шетпе кенті мен Ақтау қаласының арасындағы жол жүру уақыты 3,5 сағаттан 2 сағатқа қысқарады. Шетпе-Жетібай учаскесінде автокөлік қозғалысының жиілігі 1200-ден 1700 жеңіл және жүк автомашинасына өседі. Жетібай-Ақтау учаскесінде көлік трафигі 5600 бірлікке өседі. Жаңа жол ашылғаннан кейін көлік шығыстары да 64 проценттен 43 процентке қысқарады деп күтіліп отыр. Жол-көлік оқиғаларының саны жылына 69-дан 45-ке азаяды.
Енді инженер-жолшының міндеттері қандай екендігі туралы қысқаша айтып өтейін. Объектіде әр күні, кез келген ауа райында және жылдың кез келген уақытында болуы керектігінен бастайын. Бұдан басқа инженер-жолшы жобаның мердігер жүргізетін жол салу жұмыстарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге жауап береді. Мысалы, сол жер жұмыстары аяқталғаннан кейін инженер-жолшы олардың орындалу сапасын, мердігер жеткізген материалдардың көлемінің ғана емес, сапасының сәйкес келуін тексереді. Бұдан басқа инженер-жолшы есеп құжаттамасын тексеруге, сондай-ақ жұмысшылардың сызбаларын және мердігерлер ұсынған атқарушы сызбаларды тексеруге жауап береді. Былайша айтқанда инженер-жолшы үнемі тынымсыз жұмыс істеуі тиіс.
– Сұхбатыңыз үшін рахмет.
Recent Posts