Ақтөбе облысындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша телім құрылысы түрік мекемеге «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret» ЖШС (Түркия) тапсырылды.

2011 жылы 11-ші шілде куніне  «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret» ЖШС (Түркия) мердігері өз теліміне  835 адам жұмылдырды, оның ішінде 3 – шетел қызметкерлер, 785 – жергілікті қызметкерлер және 44 – республиканың басқа аймақтардан келген қызметкерлер.

Жұмылдырған техника – 222 бірлік, ішіндегі 134 бас мердігерге тиесілі.

2011 ж. асфальтбетон жасау және табанын ұйымдастыру ушін фракциялық ұсақталған тас – 151,58 мың м3 жасап қойылған, қажеттілігі болғанда – 346,80 мың м3.

Ағымдағы жылының маусымында мердігер ірі дәнді асфальтбетон қоспасыны шығаруды бастады, құрылған жол телімінде төменгі қабатында төселінді. Бақылау қызметкерлердің тұжырымы бойынша материал спецификацияға толықтай сәйкес келеді.

Геодезиялық жабдықтау 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мердігер тендер құжаттамасында көрсетілген жылжымалы құрылыс техникасын толықтай  қамтамасыз етті. Бірақ зертхана алаңының ұйымдастыруы аяқталған жоқ.

Әкімшілік әрекетін жетілдіру үшін, соның ішіндегі жобалау және бақылау жөнінде серіктік жұмысын жетілдіру үшін шетел қызметкерлер мобилизациясын жалғыстырып жатыр.  

Бүгінгі таңда «Дорис» ЖШС  жобалаушыға мердігерде бірқатар мәселелер бар, соның қатарында темір жол арқылы өткел жол салу, төтелді басқа жерде қайта құру, бөлек коммуникациялар және газ құбыры қайта ұйымдастыру және басқа мәселелер.  

Recent Posts

Leave a Comment