ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшысы Жеңіс Қасымбек Алматы облысының автожол объектілерінде болды

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбеков «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Қапшағай-Талдықорған» жобаларын іске асыруға қатысты мердігер ұйымдардың өкілдерімен кеңес өткізді – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Айталық, «Алматы-Қорғас» учаскесінде осы сәтте жұмысты жалпы ұзындығы 304 км 8 учаскеде 4 мердігер ұйым жүргізуде. Жобаны іске асыру өткен жылы басталғанын еске салайық, ал оны аяқтау 2015 жылға жоспарланған.
 Министр сондай-ақ «Алматы-Қапшағай» учаскесіне барды, оның 51 км жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы осы жолдың 10 км пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ұзындығы 53 км қалған учаскелер бойынша ағымдағы жылдың сәуірінде құрылыс жұмыстарына конкурстар жаряилау жоспарланып отыр. «Алматы-Қапшағай» құрылысында қазіргі уақытта екі мердігер ұйым жұмылдырылғанын атап өтеміз.
 «Қапшағай-Талдықорған» учаскесін реконструкциялау жөнінде айтар болсақ, жұмыс Сарқанд қаласын айналма жолды қоса алғанда оның бүкіл ұзындығы – 157 км жүріп жатыр. Құрылысқа алты мердігер ұйым жұмылдырылған. Ағымдағы жылы жолдың бір бөлігі (16 км) пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал жобаны 2016 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда барлық учаскелерде қазіргі уақытта мердігер ұйымдар дайындық жұмыстарын, сондай-ақ жасанды құрылыстарды тұрғызу және коммуникацияларды қайта орнату жөнінде жұмыстарды бастады.
Фото www.kt.kz сайтынан
Recent Posts

Leave a Comment